Сапа менеджменті жүйесі

«ТеңізСервис» ЖШС сапа саласындағы

САЯСАТЫ

«ТеңізСервис» ЖШС (бұдан әрі – серіктестік) қызметінің негізгі бағыттары инвестициялық жобаларды әзірлеумен, теңіз мұнай-газ операцияларын қолдаудың инфрақұрылымдық объектілерін жобалаумен, құрылыспен және пайдаланумен байланысты.

Серіктестік өзінің ниетін мәлімдейді: 

  1. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ стратегиялық мақсаттарына сәйкес қалыптастырылған стратегиялық міндеттерді іске асыруға, серіктестіктің миссиясын, пайымдауын және құндылықтарын анықтауға және бекітуге бағытталған серіктестікті дамыту Бағдарламасын қолдау.
  2. Серіктестік ұсынатын қызметтерден тапсырыс берушілердің қанағаттанушылығының ең жоғары деңгейіне жету.
  3. Инвестициялық жобаларды уақтылы тапсыру, өзін-өзі ақтаудың жоспарлы мерзімдеріне қол жеткізу, барлық белгіленген талаптарға сәйкестік, Каспий теңізінің қазақстандық секторында теңіз мұнай-газ операцияларын қолдау үшін инфрақұрылымды дамыту мәселелерінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың жетекші рөлі сияқты факторларға тұрақты назар аудару есебінен тұрақты табысқа қол жеткізуге ұмтылу.
  4. Серіктестік қызметкерлерін олардың білімі мен біліктілігінің деңгейін арттыруға, сапа саласында оқу мүмкіндігін беруге ынталандыру. Серіктестік қызметкерлерін орындалатын үрдістердің сапасы үшін өз жауапкершілігін түсіне отырып, қызметті жүзеге асыруға, ең аз шығынмен және тапсырыс берушілердің жоғары қанағаттану деңгейімен жүзеге асыруға ынталандыру.
  5. Мүдделі заңды және жеке тұлғаларға, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Серіктестік қабылдаған міндеттемелерге және оның қызметтерінің сапасына байланысты қажетті ақпаратты беруге міндетті.
  6. Осы Саясатты серіктестік пен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тағайындалуына және даму стратегиясына сәйкестігі мәніне мерзімді түрде талдау жасау.
  7. Өзара тиімді ынтымақтастық негізінде тұтынушылармен тұрақты серіктестік құру.

Серіктестіктің жоғары басшылығы өзіне мына міндеттемелерді алады:

  1. серіктестік қызметкерлері сапа саласындағы Саясатпен таныс болуы, оны түсінуі және ұстануы, сол арқылы Сапа менеджментінің біріктірілген жүйесінен күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге үлес қосу мүмкіндігіне ие болуы үшін қажетті шаралар қабылдау;
  2. үрдістерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілеріне және сапа менеджменті жүйесінің қабылданған ішкі талаптарына, сондай-ақ тапсырыс берушілердің, Қатысушылардың талаптарына сәйкес орындау;
  3. сапа менеджменті жүйесін талдау және үнемі жақсарту.

Бұл саясат мүдделі тараптар үшін веб-сайтта мәтінді орналастыру жолымен қолжетімді, сондай-ақ олардың өтініші бойынша оларға берілуі мүмкін.

 

«ТеңізСервис» ЖШС Бас директоры                                                                                                                         М.К. Буркитбеков

 

 

 

 

БІЗДІҢ

Мекен жайымыз

ҚР, Маңғыстау облысы,
Ақтау қ, 14 ш/а,
36А ғимарат




БІЗДІҢ КОМПАНИЯ

Әлеуметтік желілерде


     

Қоңырауға тапсырыс беру

Жіберу


Ваши данные в безопасности и не
будут передаваться третьим лицам

+