ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ

«ТеңізСервис» ЖШС-інің еңбек қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы

 САЯСАТЫ

 

«ТеңізСервис» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) әрекетінің негізгі бағыттары инвестициялық жобаларды әзірлеумен, жүктерді ауыстырып тиеу, өнеркәсіптік уытты қалдықтарды қабылдау мен көму, мұнай өнімдерін қабылдау, сақтау және босату бойынша қызметтерді қоса алғанда, теңіз мұнай операцияларын қолдайтын инфрақұрылымдық нысандарды жобалауды, салуды және пайдалануды басқарумен байланысты.

«ТеңізСервис» ЖШС өзінің мынадай ниеті туралы мәлімдейді:

  1. Серіктестік әрекет ететін өңірлерде тұратын жұмыскерлер мен халықтың денсаулығын қорғау, сондай-ақ қоршаған ортаны қолайлы түрде сақтау
  2. Ресурс үнемдейтін және энергиялық тиімді технологияларды енгізу және/немесе энергияның балама көздерін қолдану есебінен өндіріске тартылатын да, Серіктестік әрекет ететін өңірлердегі де табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану.
  3. Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің, еңбек пен қоршаған ортаны қорғаудың жай-күйін, оның ішінде технологиялық жабдықтың сенімділігін арттыру, оның қауіпсіз және апатсыз жұмысын қамтамасыз ету, жаңа технологиялар мен апатқа қарсы автоматтандырылған жүйелерін және Серіктестік қызметкерлерін ынталандыру жүйелерін енгізу есебінен тұрақты жақсарту.
  4. Серіктестіктің басқару органдарының, қызметкерлерінің, апаттық-құтқару қызметтері мен құралымдарының ықтимал апаттарды, өрттерді және төтенше жағдайларды жою жөніндегі әрекеттерге дайындығын қолдау, сондай-ақ өртке қарсы және апаттық-құтқару құралымдарының жабдықталу деңгейін арттыру.
  5. Жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын дайындаудың сапасын жақсарту арқылы жаңадан іске қосылатын объектілердің қоршаған ортаға көрсететін техногенді жүктемесін төмендету.
  6. Қызметкерлер мен халыққа, қоршаған ортаға жағымсыз әсерлердің салдарын жою жөніндегі шараларға қатысты осындай әсерлердің алдын алуға бағытталған іс-әрекеттер мен іс-шаралардың басымдылығын сақтау.
  7. ISO 14001, ISO 45001 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес Серіктестік объектілерінде өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамалық талаптардың сақталуы бойынша өндірістік бақылау мен ішкі аудиттің тиімділігін арттыру.

 

Серіктестіктің жоғары басшылығы өзіне мынадай міндеттемелер алады:

  1. Орындалатын жұмысқа байланысты қызметкерлердің жарақаттануын және денсаулық жағдайының нашарлауын болдырмауға себебін тигізетін қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету
  2. Серіктестіктің жаңадан іске қосылатын объектілерінен де, қолданыстағы объектілерінен де ластануды болдымауын қоса алғанда, қоршаған ортаны қорғау, ресурстарды ұтымды пайдалануға, сондай-ақ Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы биологиялық алуантүрлілік пен экожүйелерді қорғауға ықпал ету.
  3. Серіктестік әрекетіне қатысты қолданылатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін және еңбек қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық келісімдерді, сондай-ақ Серіктестікпен қабылданған басқа да талаптарды сақтау.
  4. ҚжЕҚ және ҚОҚ менеджмент жүйелерін үздіксіз жақсарту, олардың нәтижелілігін арттыру
  5. Қызметкерлермен және олардың өкілдерімен кеңесу, олардың ҚжЕҚ саласында шешімдер қабылдауға қатысуын қамтамасыз ету
  6. Серіктестік үшін жұмыс жүргізетін мердігерлік ұйымдардан өнеркәсіптік, өрт және экологиялық қауіпсіздік, еңбекті қорғау, ықтимал апаттық жағдайлардың алдын алу және оларды жоюға дайындықты қамтамасыз ету жөніндегі Серіктестікте қабылданған талаптардың сақталуын талап ету.
  7. Қолданылуы жоспарланып отырған шаруашылық қызмет түрлері мен көрсетілетін қызметтердің, сатып алынатын өнімнің персонал мен халықтың денсаулығына, қоршаған ортаға әсерін бағалауды жүргізу
  8. Еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша жұртшылықпен, тапсырыс берушілермен және басқа да мүдделі тараптармен өзара тығыз әрекеттесу.

                                                                     

Бұл Саясат:

  1. Еңбек қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласында мақсаттар қоюдың негізі болып табылады
  2. Серіктестік стратегиясы, қызметінің масштабы, ол жұмыс істейтін бизнес ортаның факторлары, қоршаған ортаны қорғау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы оның тәуекелдері мен мүмкіндіктері тұрғысында оны қолайлылығы мен барабарлығына қатысты тұрақты талдаудың нысанасы болып табылады.
  3. Серіктестік шеңберінде барлық қызметкерлер үшін қолжетімді
  4. Мәтінін вебсайтта орналастыру арқылы жұртшылық, қатысушылар, серіктестер және тұтынушылар, және басқа да мүдделі тараптар үшін қолжетімді болып табылады, сондай-ақ оларға жүгінген жағдайында ұсынылуы мүмкін

 

«ТеңізСервис» ЖШС Бас директоры                                                                                                                                                                 М.К. Буркітбеков

 

 

БІЗДІҢ

Мекен жайымыз

ҚР, Маңғыстау облысы,
Ақтау қ, 14 ш/а,
36А ғимарат




БІЗДІҢ КОМПАНИЯ

Әлеуметтік желілерде


     

Қоңырауға тапсырыс беру

Жіберу


Ваши данные в безопасности и не
будут передаваться третьим лицам

+